Русский Сайттың толық нұсқасы

Куәгерлер жаппай тәртіпсіздіктер кезіндегі үрейлерін жеткізді

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2022
  • 1299

"Біз тозаққа түскендей болдық". Алматылықтар әлі күнге дейін қаралы қаңтарды, осылай еске алады. Сарапшылардың пікірінше, содырлар ең алдымен халық арасында үрей тудыруға тырысқан.  Ол үшін олар жолдарында кезіккен кез-келген нәрсені жойып, тіпті қан төгуге дейін аянбағандарын айтады. Толығырақ алдағы сюжетте.

Қостанайлық Индира жаңа жылдық демалыста балаларына көрікті Алматыны көрсетуді жоспарлаған. Алайда ол келісімен, мегополисте жаппай тәртіпсіздік басталып кеткен. Сол күндерді әлі күнге үлкен қорқынышпен еске алады.

Индира СМАКОВА, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қонақ үйден мүлде шыға алмадық. Қорқынышты болды күндіз-түні.Неше түрлі атыстар. Соғысқа түсіп кеткендей сезімде болдық. Қоақ үйден шықпадық. Күйеуміз екеуміз кезекшілік етіп отырдық.Қорқынышты болды. Бірнәрсе болса қашатын шығармыз, өлетін шығармыз деп ойладық.Қалай пойздар жүре бастады, Алматыдан қаштық. Қорқынышты болды.

Әріптесіміз Әсет Елембаев та сол қайғылы күндерді ұмыта алмай жүр. Ол алаңдағы жұртты таспаға түсіруге барған. Телеарнамыздың қызметкерін сол кезде белгісіз біреулер соққыға жығып, видеокамерасын сындырған.  

Әсет ЕЛЕМБАЕВ, "ASTANA TV" ОПЕРАТОРЫ:

Камераны қосып үлгермедім. Жанымнан камераны ұрыңыз деген дауыс естілді. Содан біреулер төмпештей кетті. Мен сол кезде жабық бас сүйек жарақатын алдым.

Саясаттанушылар бұл содырлардың әрекеті деп отыр. Олар жоспарлы түрде іс-қимыл жасаған деп топшылайды. Олар үшін ең басты міндет тұрғындардың арасында үрей тудыру болатын, сондықтанда құрбандар көп болды,-дейді Никита Шаталов.

Никита ШАТАЛОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Құрбандардың болуы әрқашанда үрей тудырады. Әлеуметтік нысандарды басып алу, атыс, жаппай тәртіпсіздік барлығы террорлық әрекеттердің көрінісі. Тіпті сарбаздардың басын жұлып алыпты деген ақпараттың өзі нағыз содырлардың іс-әрекеті.

Теолог Қайрат Құрманбаев елдегі жаппай тәртіпсіздіктер тәрбиеге деген немқұрайлықтың жемісі,- дейді. Сондықтан ол қазір тәрбиеге бірінші кезекте назар аударуымыз қажет.

Қайрат ҚҰРМАНБАЕВ, ТЕОЛОГ:

Теракт деген кезде әрине адам өлімі болғаннан кейін, адамдардың жалпы халықтың көңілінде үрей ұялатқаннан кейін бұл терористік әрекеттер деп бағаланды. Бірақ біздің қоғамда әрине сақ болуымыз керек бұны дінмен байланыстыруға хақымыз жоқ.


Алматылықтар біртіндеп қалыпты жағдайға оралуда.  Дегенмен мегополисте терроризмге қарсы арнайы операция жалғасуда. Арнайы мамандар қазір Түрксіб ауданын тазартуда. Мұнда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес жетекшісі мен олардың мүшелері  анықталған. Айта кетейік, Алматыда терорлық қауіпсіздік бойынша бір күн бұрын қызыл түс жойылып, қауіптің қызғылт сары деңгейі енгізілді.

Б. Сатуов