Атырау облысында күдіктіні ұрып-соққан полиция қызметкерлері сотталды. 28 жастағы тәртіп сақшылары қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Және шендерінен айырылды. Тәртіп сақшылары ақша ұрлау дерегі бойынша күдікті азаматты үйінен күштеп алып кетіп, заңсыз ұстаған. Қоқан-лоқы көрсетіп, балағаттап, ұрып-соққан. Тіпті ұялы телефонынан банкке қоңырау шалып, есепшотында қанша ақша бар екенін біліпті. Жәбірленушінің арызынан соң олар қамауға алынды. Алайда сотталушылар кінәні мойындаған жоқ. Бірақ қылмыс жәбірленушінің жауабымен және сараптама қорытындысымен толық дәлелденді,- дейді судья. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Абай АСАЛОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Полиция қызметкерлеріне 1 жыл мерзімде мемлекеттік қызметпен айналысу құқынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Б. Надірқызы