Русский Сайттың толық нұсқасы

Депутаттар утильдік алым жинауға мораторий жариялауды ұсынды

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2022
  • 1330

Депутаттар  утилизациялық  алым жинауға мораторий жариялауды сұрады. Депутат Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, соңғы бес жылда автокөліктер мен ауылшаруашылық техникасын сатып алушылар, жеке операторға 400 мыңнан 13 миллион теңгеге дейін утильдік алым  төлеген.  Бұл әрине, жылжымалы мүліктің бағасын екі есе қымбаттатты. Сондай-ақ, ол "Оператор РОП"-тың  мәліметінше,   2016 жылдан 2021 жылдың қыркүйегіне 600 миллиард теңгеден астам қаржы түскенін айтты және ол ақшаның қайда кеткенін сұрады. Депутат жеке оператор активтерінің тағдыры Қаулы жобасы бойынша түсініксіз дейді. Өйткені Қаулы жобасында тек жарғылық капиталдағы үлесті аудару туралы айтылған, ал ағымдағы шоттан ақшаларды аудару туралы ақпарат жоқ деді.  Сондықтан ол есеп айырысуды және функцияларды мемлекеттік операторға беру рәсімдерін аяқтағанға дейін утилизациялық алым жинауға мораторий жариялауды ұсынды.   

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Жеке оператордың қызметіне құрылған уақытынан бастап шұғыл тәуелсіз аудит жүргізу және аудитті мемлекеттік операторға қаражатты аударғанға дейін жасау, өткізілген жұмыстардың нәтижелерін ашық ақпарат көздерінде жариялау; -тексеру нәтижелері бойынша жеке оператордың активтерін мемлекеттік операторға толық көлемде беруді қамтамасыз ету; -есеп айырысуды және функцияларды мемлекеттік операторға берудің рәсімдерін аяқтағанға дейін утиль жинауға мораторий жариялауды сұраймын.

Д. Жарқынбек