Русский Сайттың толық нұсқасы

Жоғарғы сот БАҚ басшылары мен қызметкерлерін марапаттады

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2016
  • 1849

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Жоғарғы сот бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен қызметкерлерін, соттардың баспасөз хатшыларын марапаттады. Дәстүр бойынша Құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтарды Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми табыс етті.

Бас судья  ашықтық Жоғарғы соттың басты басымдықтарының бірі екенін қадап айтты. Осы ретте өткен жылы 53 мыңнан астам материал баспа беттерінде жарық көріп, көгілдір экран арқылы эфирге шыққанын атап өтті. Сондай-ақ, Қайрат Мәми, Президенттің бастамасымен қолға алынған Ұлт жоспарына сәйкес, сот жүйесі толық  модернизацияланғанын тілге тиек етті. Шара соңында сот төрағасы меймандарға ақпараттық жариялаудағы белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, естелік фотоға түсті.

Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сот төрағасы:

Мемлекеттік билікке деген сенім деңгейі сол мемлекеттегі сот әділдігінің деңгейіне тікелей байланысты болады. Осы ретте қоғамдық пікір қалыптастыратын ең басты институт бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс орналастыру - біз үшін өте қажетті, күн тәртібіндегі тұрған қажетті мәселелердің бірі. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА