Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда құрылыс компаниясы 100-ден астам үлескерді тақырға отырғызып кетті

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2022
  • 1017

Атырауда  құрылыс компаниясы 100-ден астам үлескерді тақырға отырғызып кетті. Осыдан екі жыл бұрын «қоныс той тойлаймыз» деп үміттенген тұрғындар  әлі сабылып жүр. Құрылыс компаниясы тапсырыс берушіге сілтейді, ал олар уақытында ақша төлемеген үлескерлердің өзін кінәлайды. Тар шеңберден шыға алмаған тараптарды тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы тыңдады.

Гүлжамал Атташева  жаңа үйден балаларына баспана алып беруді жоспарлаған. Бірақ осынша сергелдеңге түсемін  деп ойламадым,- дейді.  

Гүлжамал АТТАШЕВА, ҮЛЕСКЕР:

2022 жылы болды үй де жоқ, бітіп жатқан да жоқ. Мүлдем жұмыс жасалып жатқан жоқ. Құрылыс жұмыстары тоқтап қалған соң уайымдап келіп тұрмыз. Ақша қайтар демейміз. Бізге үйді бітіріп беру керек. Ол ақшаны қайтарғанда бұрын үй ала алатын едік, қазір ала алмаймыз. Балаларға деп екі үй алып едік. Мына договормен екі үй емес, бір үй ала алмаймыз.

Әлия СИСЕНҒАЛИЕВА, ҮЛЕСКЕР:

2018 жылы осы үйден пәтер алғам. Келісімшарт бойынша 2019 жылдың желтоқсанында тапсырамыз деген. Бірақ, келісімшартты 2020 жылдың 6 айына дейін созды.

Құрғақ уәдеден шаршаған тұрғындар «Нұрсая Плаза» тұрғын үй кешенінінң құрылысы тоқтап қалғанына ашулы. Сенімге кіріп, сөзінде тұрмаған компания тіпті құрылысты жүргізген мердігер мекемеге де қомақты ақша қарыз көрінеді.

Ғани ТӘЖІМБЕТОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ЗАҢГЕРІ:

«Әділет строи» компаниясының алдындағы берешек қарызы 15 миллионнан астам. Бүгінгі таңға дейін ешқандай әрекеттер таралып жатқан жоқ. Қарыз төленіп жатқан жоқ.

Ал компаниясы басшылығы өздерін кінәлі санамайды.   Өзін дауға қалған компанияның өкілімін деп таныстырған Азамат Оңдасынның айтуынша, құрылыс жұмыстарының бәсеңдеуіне пандемия себеп болған және үлескерлердің өздері кінәлі. Олар компанияға тиісті қаражатты төлемеді дейді.   

Азамат ОҢДАСЫН, КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:

Пандемия кезінде материалдарды Ақтау қаласынан алдырдық. Сол себепті құрылыс жай жүрді. 2020 жылы салымшылар ақшаларын азайтып, төлемей тастады. Сол себепті құрылыс тұрды. Қазіргі таңда басшылар ақша күтіп отыр. Содан кейін құрылысты бастаймыз деп жоспарлап отырмыз.

Айтуынша, құрылыс  80 пайызға бітіп тұр.  Салымшылар тағы 9 ай күтсе, кілтті табыстаймыз,- дейді. Бірақ жылдар бойы құр сөзге тойған үлескерлер оған енді сенер, сенбесімізді білмей отырмыз дейді.    

Б. Надірқызы