Русский Сайттың толық нұсқасы

Жатырын алып тастаған әйел өмірге дені сау бала әкелді

  • AstanaTV
  • 26 қаңтар 2022
  • 2438

Қостанайда  жатырын алғызып тастаған әйел  жүкті болып, дүниеге дені сау сәби әкелді. Бұл өте ерекше жағдай дейді дәрігерлер. Осыдан 7 жыл бұрын әйелдің ағзасында кінарат болып, жатырынан  қан кеткен. Сол кезде жатырды алып тастапты. Алайда уақыт  өте келе  оның ағзада қалған бөлігі ұлғайып, қайта қалпына келген көрінеді.Сирек кездесетін процестің арқасында келіншек жүкті болып, аман есен  босанды. Қазір баланың да, ананың да денсаулығы жақсы.

Ксения ЖЫЛҚЫБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Акушер-гинекологтар, кәнігі мамандар бұрын соңды мұндай таңғажайып оқиғаны кездестірмегенін айтады. Әйелдің органы алынып тасталған. Кейін қайта қалпына келіп, жүкті болды. Дені сау бала тапты.Мұндай оқиға облыстық аурухана тарихында  тұңғыш рет болып отыр.

З. Санай