Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде облыстық ІІД «Арлан» арнаулы жасағы командирінің орынбасары құрықталды

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2016
  • 1688

Ақтөбеде облыстық ІІД «Арлан» арнаулы жасағы командирінің орынбасары құрықталды. Ол қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Бұл жайында облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Айтуларынша, күдікті мұнай ұрлаған бір топ азаматқа қолдау көрсетіп, оны қорғаштаған. Кен орындарынан мұнайды заңсыз толтырып шыққан жүк көліктерін кедергісіз көздеген жеріне жетуіне көмектескен деген күдік бар. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық соты баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:

ҚР ҚК 361 бабының 4 бөлігі бойынша күдікті деп танылған Бүркітовке қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш хаты түсті.