Елдегі эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Өткен тәулікте 15 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды. Ал 13 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция анықталды. Қазір республика бойынша 160 мыңға жуық тұрғын COVID-19-дан емделіп жатыр. Науқастардың 385-інің жағдайы ауыр, 129 пациенттің өмірі қыл үстінде. 81 адам өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Пандемия басталғалы 1 миллион 2 жүз мыңдай адам індетке шалдықты. Біршама уақыттан бері Түркістан облысынан басқа өңірлер ахуалды бағалау матрицасының "қызыл" аймағында орналасқан.
А. Данияр