Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктен жапа шеккен 211адамға өтемақы төленді. Материалдық көмек полицейлер мен дәрігерлерге және құтқарушыларға берілді.
Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген қызметкерлердің еңбегі елеусіз қалмады. Қала әкімдігі 4000-ға жуық денсаулық сақтау саласының қызметкері мен 93 құтқарушыға ақшалай сыйақы берген. Төтенше жағдай департаментінің 1 200 маманына да қаражат төленді. Енді бірер күнде Полиция департаментінің қызметкерлеріне толық көлемде қаражат аударылмақ.
Ә. Лесбек