Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктен зардап шеккен 211 адамға өтемақы төленді

  • AstanaTV
  • 27 қаңтар 2022
  • 950

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктен жапа шеккен 211адамға өтемақы төленді. Материалдық көмек полицейлер мен дәрігерлерге және құтқарушыларға берілді.

Төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген қызметкерлердің еңбегі  елеусіз қалмады. Қала әкімдігі 4000-ға жуық  денсаулық сақтау саласының қызметкері мен 93 құтқарушыға ақшалай сыйақы берген. Төтенше жағдай департаментінің 1 200 маманына да қаражат төленді. Енді  бірер күнде Полиция департаментінің қызметкерлеріне толық көлемде қаражат аударылмақ.

Ә. Лесбек