Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ.Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2022
  • 1470

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды. Кезектен тыс өткен ХХІ съезде партия Жарғысы мен Саяси кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді. Президенттің айтуынша, саяси ұйымды түбегейлі қайта құрылымдау керек.  

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн-форматта өтті. Барлық өңірден 389 делегат қатысты. Күн тәртібіндегі ең бірінші мәселе – партия төрағасын сайлау. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы бұл орынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.   
 
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ:
 
Кейінгі бір жарым жыл ішінде партия жүйелі түрде қайта жаңғырды. Оны толық басқаруды қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа тапсыру бұл процестің соңғы кезеңі деп санаймын. Партиядан президент сайлауына ұсынылған және қолдауына ие болған адам оны басқаруға тиіс.
 
Президент Елбасыға осындай аса жауапты міндетті ұсынғанып, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ тәуелсіздік алғалы еліміздің жан-жақты дамуына, ең күрделі кезеңде мемлекетті тіктеп, шекарасын бекітуге орасан зор үлес қосқанын Қазақстанның Тұңғыш Президентінің еңбегін ұмытпауға шақырды.
 
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
 
Тұңғыш Президенттің тарихи еңбек сіңіргенін ұмытпайық. Түптің түбінде әділ және шыншыл болуымыз керек. Өткенін қаралаған халықтың болашағы жоқ. Өткен заманды жоққа шығаратын, өз басшыларына шабуыл жасайтын халықтың болашағы екіталай әрі бұлыңғыр.

 
Елді жан-жақты жаңартудың ауқымды тәртібін алға қойған Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ауқымды жұмысты жүзеге асыруға «Nur Otan» партиясы белсенді кірісуі керек, деді. Яғни,Қазақстанды қарқынды түрлендіру мен жаңартудың негізгі «моторына» айналуы қажет. Президент ол үшін саяси ұйымды түбегейлі жаңарту қажет екендігін атап өтті.Бұл косметикалық қалпына келтіру емес, партияның бүкіл жұмысын түбегейлі қайта құрылымдау керектігін қадап айтты. Ол үшін атқарылуы тиіс 7 жеті басымдыққа тоқталды
 
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз өз қатарымызға түрлі қоғамдық-саяси топтардың өкілдерін, жерлестердің сеніміне ие нағыз көшбасшыларды белсендірек тартуымыз керек.  Өкінішке қарай, партияда ондайлардың аз екеніне көзіміз жетті. Сын сағатта партияның бүкіл кадрлық әлеуеті мен ауқымды инфрақұрылымы толық пайдаланылмады. «Nur Otan» шын мәнінде нақты істердің партиясы бола отырып, оқиғалардың бел ортасында, үдерістердің басы-қасында болуы керек.  Сырттан келген бақылаушының ұстанымы енді қабылданбайды.
 
Партия мемлекеттік органдардың жұмысын көшірмеу керек. Мемлекет басшысы партияның қызметі мүлдем басқа, деді. «Nur Otan» негізінен идеологиялық және кадрлық жұмыстармен айналысуы керектігін баса айтты. Қажет жағдайда – мемлекеттік аппараттың жұмысына басшылық жасауы керек. Дегенмен, атқарушы билік оны пайдаланбай. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрт нашарлауына жол берді. Сөзінше, жарияланып жатқан маңызды құжаттар мен тапсырмалар көбінесе тек қағаз жүзінде ғана жүзеге асады. Бұл ретте Үкімет пен жергілікті әкімдер сайлауалды уәделердің орындалуын тексеру қажет.
 
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

2021 жылдың қорытындысы бойынша Үкімет партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жоспарланған көрсеткіштердің 74 пайызының орындалғаны туралы есеп берді. Бірақ бұл ақпараттың рас екеніне кім кепілдік береді? Партияның одан әрі өміршеңдігі сайлау алдындағы уәделердің қаншалықты орындалатынына байланысты екенін түсіну керек. Шындыққа жанаспайтын және орындалмайтын уәдені бермеген дұрыс.
 
Президент партиялық аппаратты қызмет көрсету үлгісіне қарай қайта құруға баса назар аудару керегін айтты. Атап айтқанда, партия төрағасының бірінші орынбасарының орнына жауапты хатшы, сондай-ақ тиісті саладағы басқа да хатшылар қызметі қарастырылмақ.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Партия жанынан құрылған қоғамдық кеңестер ең өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар әзірленетін ашық әрі тиімді алаңға айналуы тиіс.  Оларды өзекті мәселелерді шешудің нақты жұмыс істейтін механизміне айналдыру керек.

Басқа партиялармен және қоғамдық бірлестіктермен белсенді ынтымақтастық біздің партия қызметінің заңды бөлігіне айналуы тиіс.  орынсыз - конструктивті сынды дұрыс қабылдап, пайдалы қорытындылар жасау керек.
 
Президент депутаттарға қандай міндетті бар екенін тағы еске салды. Ашық популизмге бармай, өзекті мәселелерді жете түсіні, партия ұстанымын берік қорғау. Сонымен бірге, сайлаушылармен соның ішінде шалғай ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесу керек, дейді. Депутаттық сауалдарда да ресми емес мазмұны түсінікті, тұрғындардың нақты проблемаларын көтеру туралы айтты. Бұл өңірлердегі партия мүшелеріне де қатысты.
 
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл депутатты халық сайлағанының және халық мүддесі жолында жұмыс істеуі керек екендігінің дәлелі. Әзірге біздің депутаттардың азаматтар арасында тиісті беделі жоқ. Бұл «қайғылы қаңтар» оқиғасы кезінде де анық байқалды. Аймақтардағы жұмыс көбіне әкімдіктермен ғана қамыталды. Бұқара бұл мәселеде партияның қандай рөл атқаратынын көрмейді. Өйткені олар әдетте бұл мәселеден бас тартады.  Сол себепті депутаттардың қоғамдық рейтингін енгізу маңызды.
 
Жиында қоғамдық қабылдауды жандардыру жағы да сөз болды. Елде қанша қабылау орны болғанмен, жұмысы тиянақы емес, деді Президент. Бұл ретте, азаматтардың барлық өтініштерін жіті бақылауда ұстау керектігін тапсырды.
 
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Шенеуніктер тарапынан біржақты қарау немесе салғырттық танытқан жағдайда партиялық жауапкершілікке тарту керек.  Фактіден кейін әрекет етпей, профилактикалық жұмыс істеу керек.
 
Президент «Жас Отанның» жастар қанатынақты жұмысына да тоқталды. 100 мыңнан астам мүшесі бар ұйымның қомақты ресурстар дұрыс пайдаланылмай отырғанын сынған алды.
 
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз қалалардағы тұрақсыз жастармен нақты жұмыс жүргізуіміз керек.  «Жас Отан» жастардың арасында сенімді, пайдалы қоғамдық жұмыстармен айналысуға дайын басшыларды қабылдауы керек.

Партия Жарғысына енгізілген өзгерістерге тоқталсақ. Енді партиялық жарна айлық есептік көрсетішке байланыстырыла, есептеледі. Ал партияның жоғары өкілді органы 55 процентке жаңарды. Әйелдердің үлесі 34 пайызға жуықтаса, 35 жасқа дейінге жастар 6 есе көбейді. Орташа жас мөлшері: 47 жасты құрады.

Айта кетейік, президент партиялар мен қозғалыстардың қызметінен алшақтауы керек деген Мемлекет басшысы  жылдың соңына қарай төрағалықтан кетуі мүмкін екенін айтты.   Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорына олигархтардан бір тиын түскен жоқ, деді. Қайырымдылық шарасына қатысуға асықпаған олардың әрекетін өзі де түсіне алар емес. Сараңдық па, жалқаулық па, әлде жауапсыздық па ол жағы да беймәлім.
 
А. Данияр