Елімізде утилизациялық алым мен техникаға компенсация төлеу уақытша тоқтатылды. Бұл туралы «Жасыл-Даму» -дың баспасөз қызметі хабарлады. «РОП операторы» серіктестігін тексеру жұмыстары аяқталғанға дейін бірқатар қызмет уақытша тоқтатылған. Кәдеге жарату төлемдерін қабылдау, қалдық жинаушылар мен өңдеушілерді субсидиялау да әзір жүргізілмейді. Сондай-ақ, экологиялық кодексте көзделген басқа да қызметтер кейінге шегерілді.
Ә. Дүкембаева