Русский Сайттың толық нұсқасы

"Баланы қағып кеткен автобус жүргізушісі жазаланбайды", – БҚО ПД

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2022
  • 1550

Оралда жолдан жүгіріп өтпек болған баланы автобус қағып кетті. Бірақ   жүргізуші жазаға тартылмайды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен хабарлады. Көлік оқиғасы көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Жол жиегіндегі жеңіл көліктен шыққан бала бағдаршамның қызыл түсі жанып тұрғанына қарамастан, арғы бетке  жүгіріп өтпекші болған.  Сол сәтте  бір жағынан келіп қалған автобус оны қағып кетті.  Абырой болғанда, бала аман. Маңдайын автобустың теміріне соғып алған. Қазір ол амбулаторлық ем алып жатыр.  

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:


Жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншінің тарапынан орын алды. Сол себепті автобус жүргізушісі жауапқа тартылмайды. Жаяу жүргінші- кәмелетке толмаған жасөспірім. Оның жасы әкімшілік жауапкершілікке тартуға сәйкес келмейтіндіктен, іс тоқтатылды.

Е. Карин