Русский Сайттың толық нұсқасы

Кредитті төлей алмаған адамдарға қатысты жаңа заң шығады

  • AstanaTV
  • 28 қаңтар 2022
  • 4797

Кредитті төлей алмағандарға қатысты жаңа заң шықпақ. Премьер-министр Әлихан Смайылов "Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң жобасын енгізуді ұсынды. 4-ші ақпанға дейін аталған құжатты қолға алуды тапсырды. Жаңа заң банкке несиесін төлей алмай, күнін әрең көріп жүрген азаматтарды жалғыз баспанасынан айырмауды көздейді. Бұл Заң жобасында жеке азаматтардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері қарастырылған. Премьер-министр жобаны талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды талап етті.

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ РЕСМИ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСЫ:

Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған. 18 заңнамалық актіге – 7 Кодекс пен 11 Заңға түзету енгізу жоспарланған.

Д. Жарқынбек