Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте бір пәтерден үш адамның мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2022
  • 1584

Шымкентте көпқабатты  үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылды. Қазір полиция белгісіз жағдайда көз жұмған екі әйел мен бір ер адамның ажалына не себеп болғанын анықтап жатыр. Алдын ала болжам қандай? Мамандар не дейді, көршілер не айтады?  Толығырақ өңірдегі тілшіміз  Айзада Төребекқызы айтады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:


Қайғылы жағдай екінші қабаттағы осы пәтерде болған. Қазір үйде ешкім жоқ. Есіктің сырты мөрленіп, жабылған. Көршілердің айтуынша, бұл үйде 65 жастағы әйел  жалғыз тұрған көрінеді.
 
Сондай-ақ ол  көршілермен жақын араласа қойған жоқ дейді. Көбіне Ташкентте болатынын,соңғы үш төрт айда ғана осында тұрып жатқанын айтады.  Ал қайтыс болған тағы екі адам  -ерлі-зайыптылар, яғни марқұмның ұлы мен келіні шығар деген ойларын жеткізді.  

Ұлы мен келіні анасына қонаққа келген. Аналары бұл жерде жалғыз тұрады. Кіші ұлы Атырау жақта ма жұмыс істейді айлап, мұнда сирек келеді. Қайтыс болған жігіт бұрын осында тұрған. Өте ауыр жағдай. Тексерушілер газдан уланған деп айтып жатыр. Анығын білмедім.


Алдын ала болжам бойынша, олар газдан уланған болуы мүмкін. Себебі, марқұмдардың бірі жедел жәрдем қызметіне хабарласып, медициналық көмек сұраған. Олар үйге келгенде есік іштен ілінгендіктен, аша алмапты. Сондықтан құтқарушылар көмегіне жүгінген көрінеді.   

Ғазиз ТҰРМАНОВ,  ШЫМКЕНТ қ. ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ АНЫҚТАУ ТОБЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА АНЫҚТАУШЫСЫ:
 
Болжам бойынша куәгерлердің айтуы бойынша, жуынған анасы. Мүгедектік есепте тұратын ба сондай мәлімет бойынша әйел кісі болған. Сол диванда жатқан. Алдында шомылған екен. Келіні мен баласы екеуі екі жақты басқа жағдай, киімде, олар жуынбаған. Құбырдың газ колонкалары , су жылытқыш қой, құбыры шатырға шығарылған. Қазіргі таңда арнайы мамандар жұмыс жүргізіліп жатыр.


Төтенше   жағдайлар департаментінің өкілі  де  бөлмеде  газдың иісі болғанын айтады. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.  

А. Төребекқызы