Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысында мыңнан астам қой тірідей жанып кетті

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2022
  • 1089

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданындағы шаруышылыққа тиесілі мыңнан астам қой тірідей жанып кеткен. Түгі қалмай өртенген мал қорадан қойшының да денесі табылды.

Қызыл жалынға оранған нысан - қос қабатты мал қора. Оның үстіңгі қабатына 150 тонна шөп жиналған екен. Ал астында негізінен уақ мал тұрған. Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше 1 мың 150 қой тірідей үйітіліп қалған. Оқиға орнында түсірілген бейнекадрде күлге айналған түліктер арасында жылқы малының да сұлбасы аңғарылады.

Әбдіғаппар ТОҚТИЕВ, БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ №10 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Оқиға орнынан қойшының денесі табылды . Өрттің көлемі 781 шаршы метр. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД-нің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.


Айта кетейік, тілсіз жау тұтанған, шаруашылық елдімекеннен алшақ орналасқан. Төтеншеліктер қырық шақырым жолды артқа тастап жеткендерін жеткізді. Бұл істі «мәйіт табылуы» бойынша тіркеген полиция қазір тексеру жұмыстарын бастап кетті.

А. Төребекқызы