Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады

  • AstanaTV
  • 31 қаңтар 2022
  • 861

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады. Президент жас шахматшыны Варшавада өткен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Спортшы өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Сондай-ақ,алдағы жоспарымен бөлісті. Президент шахматшы Бибісара Асаубаеваның әлемдік шахмат алаңында ел намысын лайықты қорғайтынына үміт артты.

Д. Жарқынбек