Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін Алматылық полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 01 ақпан 2022
  • 1596

Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталғандарды азаптағаны үшін Алматылық полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы, «Аманат» қоғамдық комиссиясының мүшелері БАҚ өкілдеріне мәлімдеді. Комиссия дерегінше,  "ұрып-соғу негізінен ұстау кезінде болған" деп отыр. Осы уақытқа дейін қоғам белсенділерінің көмегімен 280 адамның 36-сы тергеу изоляторынан босатылған. Көбі жарақат алғандар. Алдағы уақытта тағы 60 адамды шығару туралы прокуратураға ұсыныс жолданыпты.

Абзал ҚҰСПАН, «АМАНАТ» ҚОҒАМДЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

60 адамға  біз ұсыныс беріп  отырмыз. Ал жаралыларға қатысты түгелдей босату керек деп біз ұсыныс айтып отырмыз. Шықпаған бірақ  шығуға тиісті деген кәмілетке толмаған балалар саны бар.

Бір апта бұрын құрылған комиссия енді елді аралауды бастамақ. Алғашқы өңір Талдықорған қаласы, одан кейін еліміздің оңтүстігіне баруды жоспарлап қойған. Комиссия ұсталғандар мен оларды қорғаушылардың саны күн сайын өзгеріп жатыр дейді.

Мәди МЫРЗАҒАРАЕВ, АДВОКАТ:

Кеше, бүгін, алдыңғы күні тұтқындаулар болды. Бүгін барлық кәмелетке толмағандар мен  әйелдерді, сондай-ақ тәртіпсіздікке қатыспағандарды босатуды сұраймыз.

Ә. Дүкембаева