Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауғанстанға апара жатқан бидай далаға шашылып қалды

  • AstanaTV
  • 02 ақпан 2022
  • 1237

Қарағанды облысында жүк поезы жолдан шығып кетті. Осының салдарына 12 вагон бидай, айдалада шашылып қалды. Қазақстан Темір Жолының баспасөз қызметі бұл астық Ауғанстанға жөнелтілгенін хабарлады. Алайда вагонның бір жақ тірегінің сынуына байланысты жолда қалған деді.

Оқиға Мойынты- Сарышаған темір жол аумағында болған. Далаға шашылған бидайды жұмысшылардың жинап жатқаны байқалады. Астық басқа вагондарға артылмақ. Ал төтенше жағдайдан Жамбыл облысында 6 жүк поезы сапардан кешігіп, жолға шығу кестелері өзгерген.

А. Қуаш