Русский Сайттың толық нұсқасы

20 жыл құмар ойын ойнаған маңғыстаулық азамат букмекер кеңсесін өртеп жіберді

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2022
  • 1471

"20 жылда 200 миллион теңгеге ұтылдым" деген маңғыстаулық азамат букмекерлік кеңсені өртеп жіберді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтқан. Автор  барлық ақшасынан ұтылғанын, соңында осындай әрекетке барғанын мәлімдейді. Бар тапқанын ойынға  тігіп, одан "береке таппағанын" жазады. "Менің  қателігімді жастар қайталамасын" деген оймен осы үндеуді жариялаған көрінеді.    

Өрттен зардап шеккендер жоқ, кеңсе  қызметкерлерін қауіпсіз жерге автордың өзі  алып шыққан.  Полиция департаментінің мәліметінше, азаматтың жасы-36-да. Кінәсін толық мойындаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Бауыржан ОҢҒАРБАЕВ БЕЙНЕУ АУДАНЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ АЗМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ПОЛКОВНИГІ:


Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні, сағат 10:23 те Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойынан асқан Лото –клуб букмекерлік кеңсесінің ішінде жиһаздар мен компьютерлік техникалардың өртену туралы хабар түсті. Өрт сағат 11:06 толық сөндірілді.

Ә. Дүкембаева