Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбедегі шағын газ құю бекеттері сұйытылған газсыз қалды

  • AstanaTV
  • 03 ақпан 2022
  • 1301

Ақтөбедегі шағын газ құю бекеттері сұйытылған газсыз қалды. Олар бұған энергетика министрлігінің жаңа ережесіндегі өзгерістер себеп дейді. Көлік газын сатумен айналысатын кәсіпкерлердің айтуынша, газ бағасы 50 теңге деп бекітілген кезде аймақтағы барлық бекеттер сұйытылған газды делдалсыз тікелей зауыттан алады деп келісілген. Алайда, ақпан айына газ алуға өтініш берген шағын бекет иелерін жаңа талапқа сай, тағы да желілік газ бекеттеріне тәуелді етіп қойған.

Алмагүл ЕРКЕТАЕВА, ГАЗ ҚҰЮ БЕКЕТІНІҢ ИЕСІ:


Мен февральға газ алған жоқпын. Себебі, ЖКХ-ға документ тапсырғанмен бізге ГСО-дан слив-налив деген договор алу керек дейді. Олар бермейді. Өйткені, оларға невыгодно берген. Сондықтан, Ақтөбе облысында 50 пайыз АЗГС газсыз қалды. Менің газзаправкам Хромтауда. Мен скорая помощь пен больницаларды обслуживать етемін.

Әкімдік өкілдері шағын газ құю бекеттері иелерінің наразылығы орынды дейді. Алайда, энергетика министрлігінің ережесін бұза алмаймыз деп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының айтуынша, аймақта құжаты түгел 35 газ мекемесінің өтініші ғана қанағаттандырылған. Олардың 24-і шағын газ құю бекеті.  Газсыз қалған кәсіпкерлердің талабын министрлікке жолдапты.

Ермек КЕНЖЕХАНҰЛЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Біздің ұсыныстармыз: бірінші, өтініш санын төмендету. 50-ге дейін төмендетейік. Сол елуге дейін төмендеткен жағдайда Ақтөбе облысына арнайы ереже жасап, өзіміздің сонда сіздермен отырып, осы жерде ақылдасып, сол ережені бекітіп, сонымен жұмыс жасауға мүмкіндік болады. Ұсынысты енгіздік. Бүгін-ертең уақыт бар, біз сонымен жұмыс жасаймыз.


Г. Сейтенова