Атырау облысында бір отар қой қасқырға жем болды. Жылыой ауданындағы шаруа қожалықтарының біріне тиесі мал, жайылымда жүріп ақтып кеткен.
Түз тағысы кейбірін тұтас жеп кетсе, көпшілігін жарып кете берген. Малды иесі полицейлердің көмегімен бес күннен соң ғана тапты. Бірақ тек өлексесін ғана. Жоғалған 60 малдың 10 ғана тірі қалған. Мал ізін үсті-үстіне жауған қар басып, бағытын бағдарлау оңай болмапты.
Б. Надірқызы