Солтүстік Қазақстанда мас жүргізуші көлігімен ерлі-зайыптыны қағып кетті. Соққының қатты болғаны сонша 30 жастағы ер адам мен оның жолдасы сол жерде көз жұмған. Полицейлер «Форд фокус» жүргізушісін апат болған жерде құрықтады. Сараптама қорытындысымен оның ішімдік ішкені дәлелденді. Қазір бұған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жалпы жыл басынан бері өңірде жол апатынан 7 адам қаза тапқан.
Айдын БАЙМАТОВ, СҚО ПД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Осы фактіге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бастап облыс аумағында көлік құралдарын мас күйінде басқарған 51 жүргізуші және жүргізу құқығынан айырылған 42 жүргізуші ұсталды.
А. Құрманкин