Русский Сайттың толық нұсқасы

Банктің бұрынғы қызметкері тұрғындарды сан соқтырып кетті

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2022
  • 1553

Аңқау елге - арамза молда. Банктің бұрыңғы қызметкері, Түркістан облысының тұрғындарына 20 млн теңге қарыз рәсімдеп жіберген. Полиция оны ұстады. Құзырлылардың мәліметінше, арызданғандардың бірін зейнеткерлікке шығарып беремін деген. Алайда бір айдан соң екінші деңгейлі банктен берешегіңізді өтеңіз деп хабарлама алғанда ғана өзінің сан соғып қалғанын түсініпті. Сезікті сенімге кіру үшін, елге қамқорлық жасап жүрмін деп, кейбірінің дүкендегі азын аулақ қарызын да жауып беріпті.

Дулат АСҚАР, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚАЗЫҒҰРТ АПБ ТЕРГЕУ БӨЛІМІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:
 
Бейтаныс тұлға қайырымдылық қорынан екендігін айтып, 20 мың теңге және азық-түлік беріп сеніміне кіріп жәбірленушінің жеке сәйкестендіру нөмірін алып, несие рәсімдеген. Қазіргі таңда жәбірленушіге 1 млн дай шығын келтіріп отыр.

Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Полицейлер оны өз үйінен ұстаған. Қазіргі таңда кінәсін толықтай мойындап отыр деді тергеуші.  Сондай-ақ ол бұрын банктердің бірінде жұмыс істегенін анықтапты. Несие рәсімдеудің қыр-сырын жақсы меңгерген ол алғашқы күні тұрғындардың сеніміне кіріп, ертеңіне ақ өзінің арам ойын іске асыра бастаған. Шамамен 15 адамның атынан несиеге қымбат ұялы телефондар алып,  онысын сатып келіпті.

А. Төребекқызы