Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана билігі ауыз суды хлормен тазартудан бас тартты

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2016
  • 2300

Астана билігі ауыз суды хлормен тазартудан бас тартты. Осылайша елорда тұрғындарына жеткізілетін судың сапасы арта түсті. Бұл туралы бүгін «Астана» телеарнасындағы «Астана лайф» бағдарламасында қонақта болған қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары мәлімдеді.

Оның сөзінше, Астананың басты су тарату мекемесі залалсыздандырудың ескі тәсілін қолданбайтын болды. Мұндай мүмкіндікке су тазарту станциясына реконструкция жасау арқылы қол жеткізілген. Су сапасы артқанымен, ескірген магистральды құбырлар ауыз су сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Енді басты жоспар - жарамсыз су құбырларын ауыстыру болып отыр. 

Илхам ИБРАГИМ