Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық жеткіншек 9 жасқа келгенде туу туралы куәлігін алды

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2022
  • 1444

Атыраулық 9 жастағы жеткіншек мүлдем мектепке бармаған. Оның алты жастағы інісі де білім мекемесінің есігін ашпапты. Себебі, олардың туу туралы куәлігі жоқ. Полицейлер мұны  тексеру кезінде анықтаған.   

Жанерке НҰРҚУАТОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
 
Анасы 3-інші 4інші баласын дүниеге әкелер кезде құжаттарын жоғалтып алған екен. Сол себепті туу туралы куәліктері осы уақытқа дейін  мүлдем жасалмағаны анықталды. Осыған байланысты анықталғаннан кейін жасөспірім балалардың құжаттары әкесінің құжаттары арқылы жасалып, аналарына табысталды.  

Туу туралы куәлігін алған  9 жастағы  қыз бала   алғаш рет мектеп табалдырығын аттап,  даярлық сыныбына  барды. Ал оның бауыры қыркүйекті асыға күтіп жүр.

Зұлқарнай ҚҰСПАНОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздерді кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияға салып, балалардың туу туралы куәлігін алып беруге көмектесті. Инспектор арқасында мектеп жасына  жеткен балам қаңтар айынан бері сабаққа барып жүр.

Б. Надірқызы