Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыдағы апат салдарын жоюға әскерилер атсалысуда

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2022
  • 1071

Қарағанды облысында жүк пойызының жолдан шығып кетуінен болған апаттың салдарын жоюға  әскерилер атсалысуда. Оған жеке құрамнан 100-ден астам адам мен арнайы техника жұмылдырылған. Еске салайық, 1 ақпан күні жүріп келе жатқан жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кеткен болатын. Соның салдарынан теміржол төсемі мен электр желілері зақымдалды. Ал жүк пойызындағы бидай  далаға шашылып қалған еді.  

Есжан БАТЫРБЕКОВ, 06708 ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ КОМАНДИРІ ПОДПОЛКОВНИК:

Өздеріңіз көріп тұрғандай,  қаптардағы бидай шашылып жатыр. Сол бидайларды қазір вагондарға тіркеу, тиеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Біздің әскери бөлім, Қорғаныс минстрлігінің әскери бөлімі әрқашанда осындай жағдайларға көмектесуге және тапсырмаларды орындауға қашанда дайын.

Б. Сатуов