Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжар жылу электр орталығында тағы үш қазандық істен шықты

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2022
  • 924

Петропавлдағы жылу электр орталығында тағы да апат болды. Бұл жолы үш қазандық істен шықты. Бұл -қыс басталғалы  төртінші жағдай.   Қазір  орталықтағы  12 қазандықтың  алтауы ғана жұмыс істеп тұр. Қалғандары -жарамсыз.  Мамандардың айтуынша, 60-жылдары салынған жылу электр  орталығындағы пештердің барлығының тозығы жеткен. Биыл оларды жаңғырту жоспарланып отыр,  сол мақсатқа 17 миллиард теңге қаралды дейді.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Петропавл жылу электр орталығында №6, 10 және 12 жылу қазандықтары жөндеу жұмыстары үшін тоқтатылды. Технологиялық келеңсіздіктердің негізгі себебі – станциядағы қондырғылар әбден тозған. Қазір энергетиктер тұтынушыларды жылумен үздіксіз қамту үшін бар күшін салып жатыр.


А. Құрманкин