Русский Сайттың толық нұсқасы

ХХІV Қысқы олимпиадасының ашылу салтанаты өтті

  • AstanaTV
  • 04 ақпан 2022
  • 1410

Дәл қазір Қытай астанасы Бейжіңде ХХІV Қысқы олимпиадасының ашылу салтанаты аяқталды. Әлем елдері көз тіккен төрт жылдықтың байрақты бәсекесіне 95 ел қатысып жатыр. Оның ішінде Қазақстан да бар. Шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Коронавирус инфекциясының таралауына байланысты рәсім көрермендерсіз өтті. Қазақстан спортшылары алаңға 81-нші болып шықты. Мемлекеттік Туды шорт-тректен команда көшбасшысы, әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы әрі жүлдегері Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионы Екатерина Айдова ұстап шықты. Еске сала кетейін, Олимпиадада еліміздің 34 спортшысы бақ сынайды. Олар спорттың 8 түрінен 87 лицензия ұтып алған.

А. Данияр