Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе тұрғынынан 9 келі марихуана тәркіленді

  • AstanaTV
  • 07 ақпан 2022
  • 1126

Ақтөбеде жеке тұрғын үйден  жеті келі марихуана  тәркіленді. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері  сатып алушы арқылы наркосаудагердің ізіне түскен. Яғни, полиция Гришин көшесіндегі аулалардың бірінде күдік тудырған 44 жастағы ер адамды тоқтатқан. Одан  полиэтилен пакетке салынған 35 түйіншек, салмағы 2 келіден асатын марихуана тәркіледі. Ұсталған адамның есірткіге еліткені де анықталды. Ол шөпті сол маңдағы үйлердің бірінде тұратын танысынан сатып алғанын айтқан. Есірткі сатушының пәтерін тінту кезінде полиция балконнан және газ плитаның пешінен тағы 7 келіден астам марихуана табылды. Қазір бұл дерек бойынша есірті сатушы мен сатып алушының үстінен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Нұрлан ТАУШАНБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Қара нарықта тәркіленген есірткінің сомасы 3 млн. теңгеден асады. Айналымға жіберілмеген тәркіленген есірткі заттары 19 мыңнан астам бір реттік дозаны құрады. Сатушы мүлікті тәркілей отырып, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Г. Сейтенова