Бүгін
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше ел басшылары Өзбекстанға ат басын бұрды.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев та Ташкентке табан тіреді. Бұл туралы Ақорда
хабарлады.
Президенттің Өзбекстанға сапары барысында шетел басшыларымен
екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған. Бүгін ұйым отырысы ашылады. Ал ертең
мемлекет басшыларының кеңесі өтпек.