Русский Сайттың толық нұсқасы

"Майнингке салынатын салық көлемін арттыру керек», - Қ.Тоқаев

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2022
  • 1049

"Майнингке салынатын салық көлемін арттыру керек". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке осындай тапсырма берді. Осы ретте барлық майнинг фермалар анықталып, салық және кеден мәселелеріне тексеру шаралары жүруі тиіс.  Бұл жөнінде үкімет 19 наурызға дейін есеп беруі керек. Президент  мемлекет жұмысын бүкпесіз ашық жүргізетін майнингке қарсы емес екенін айтты.Тек бұл салада жұмыс істегісі келетіндердің лицензиясы болуы қажет. Электр энергиясын ақылға қонымды тариф бойынша алып, кірісін декларациялауы және салық төлеуі, «жасыл» энергетика жобаларын іске қосуы тиіс деді.  Президент Үкіметке аталған салықты еселеп, әрі қысқа мерзімде арттыруды тапсырды. Сондай-ақ,  Үкіметке 1-сәуірге дейін цифрлық майнингті реттеу мен дамыту жөніндегі шешімдердің толыққанды пакетін әзірлеуді міндеттеді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Криптовалюта өндірісінің әлеуметтік-экономикалық тимділігі мардымсыз екенін көріп отырмыз. Жаппай жұмыс орындары ашылып жатқан жоқ, өйткені шығарып жатқан материалдық өнімі де жоқ. Оған қоса бұл сала бірнеше облыстың тұтынатын энергиясын тұтынады. Жекелеген жосықсыз майнерлер жасырын тарифтерді пайдаланып отыр. Ол тарифтер халыққа арналған тарифтерден де төмен. Салық та, елге әкелінетін мүліктерге мемлекеттік баж да төленіп жатқан жоқ.

Д. Жарқынбек