Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында екі сарбаз әскери гарнизоннан қашып кетті

  • AstanaTV
  • 08 ақпан 2022
  • 1048

Қарағанды облысында екі сарбаз әскери гарнизоннан қашып кетті. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, олар әскери бөлімді өз бетімен тастап кетіп қалған. Қолдарында қару   болмаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында қос сарбаз көп ұзамай табылды.   Аталған фактіге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Оқиғаны тергеу нәтижесі бойынша кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады, дейді қорғаныс министрлігінің өкілдері.

Т.Әлжанов