Русский Сайттың толық нұсқасы

Банкрот болған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2022
  • 1429

Банкрот болған адам 5 жылға дейін несие ала алмайды. Бұл туралы  бірінші қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді. Сондықтан адам өзін банкрот деп жарияламас бұрын оның ықтимал салдары мен шектеулері туралы ойлануы керек дейді.    Несие бюросының мәліметінше, қазір елімізде бір миллионнан астам азамат кредит төлеу уақытын кешіктірген, ал кейбір  адамдардың коммуналдық төлем, салық төлемдері бойынша берешегі бар.

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, ҚР ҚАРЖЫ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Азаматтарға белгілі бір шектеулер қойылады. Мысалы, шет елге шығуына болмайды. Сосын жаңа несие ала алмайды. Себебі, бүгінде азаматтың қарызы болса, оған шетелге шығуға тыйым салынады. Егер сот орындаушыға жеке тұлғаның басқа қарызы өтелмесе, шыға алмайды.  


Ә. Дүкембаева