Тараздан тағы атыс-қарулары табылды. Апта ішінде барлығы 15 қару мен әртүрлі калибрдегі 1000-ға жуық патрон тәркіленген. Тәртіп сақшылары шаһар шетіндегі қараусыз қалған нысындар, тұрғын үйлердің шатырларын және жер төлелерге дейін мұқият тінтіп жатыр. Оған қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мен «Ұлттық Ұлан» әскери жасағы да жұмылдырылған. Қылмыскерлер ұрланған қаруды тіпті қала аумағындағы зираттарға дейін жасырып қойған. Мұны иіс сезгіш иттердің көмегімен тауып алды. Бүгінгі күні 3 бірлік «Калашников» маркалы автомат, 6 бірлік аңшы мылтығы, 3 «Макаров» маркалы, 3 травматикалық тапаншалар мен 1000-ға жуық патрон алынды. Қару-жарақтардың барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Облыстық полиция департаменті, бұл науқан аймақта әлі де жалғасатынын хабарлады.
Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Сонымен қатар қаруды полицияға өткізу акциясы әлі де жалғасуда. Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың оқ дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полцияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді.
Б. Жұмабайұлы