Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы құрылады

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2022
  • 1106

Депутат Еділ Жаңбыршин, Парламенттің төменге палатасынан "Жаңа  Қазақстан"  атты депутаттық топ құрылатынын жария етті. Ол мұны  Мәжілістің жалпы отырысында айтты. Жаңа құрам халықтың мұң-мұқтажын дер кезінде Парламентте көтеріп, қоғамда шешімін таппаған мәселені жылдам шешуге сеп болмақ. Сондай-ақ, үкіметпен бірлесіп, елдің әл-ауқатын арттыратын заң жобаларын әзірлеуге мүдделі. Оның сөзінше,  "Жаңа Қазақстан" тобы елдегі барлық саяси партиялармен, наразы топтармен, үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен тығыз жұмыс істеуге ынталы. Депутат мұндай идеяның пайда болуына қаңтар оқиғасы әсер еткенін жеткізді. Ол бұл жаңашылдық Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрсеткен үлкен қолдауымыз болмақ,- дейді. Бастаманы бірқатар депутаттар қолдап отыр.

Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "NUR OTAN" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Парламенттің төменгі палатасындағы жұмыстарды жаңа деңгейге көтеріп және Президенттің тапсырмаларын Мәжіліс депутаттары тарапынан қадағалау мақсатында «Жаңа Қазақстан» атты депутаттық топты құруды, ресми түрде жариялаймыз! Қазақта «Бірлесіп көтерген жүк жеңіл» - деген сөз бар! Жаңа Қазақстанның жүгін ұлыс болып бірге көтерейік! Президент бастаған реформаларды саботажға жібермей, аяғына дейін жеткізейік!


Д. Жарқынбек