Русский Сайттың толық нұсқасы

Батысқазақстандық полицей жүкті келіншектің өмірін сақтап қалды

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2022
  • 1497

Батысқазақстандық көлік полициясының қызметкері толғақ қысқан жүкті келіншекті ауруханаға арқалап жеткізіп, ажалдан құтқарып қалды. Орал көліктегі полиция бөлімшесінің хабарлауынша, оқиға Ақсай қаласынан 3 шақырым жерде болған. Аиза Жолдасбаева күйеуімен бірге «Орал-Алматы» жолаушылар пойызымен Ақтөбе қаласына бара жатқан. Алайда қаладан ұзаған соң, аяғы ауыр әйелдің  жағдайы нашарлайды. Дереу пойызды тоқтатып, жедел жәрдем шақыртылады. Бірақ далада тоқтаған пойызға қарға батқан жедел жәрдем көлігі жете алмайды. Осы кезде  желілік полиция бөлімінің қызметкерлері көмекке келген.  Полиция подполковнигі Мұқатай Аяпов омбы қарға қарамастан, жүкті әйелді автокөлікке дейін үш шақырым бойы жаяу арқалап жеткізген.

Лаура АЗИЗОВА, ОРАЛ СТАНСАСЫНДАҒЫ ЖЕЛІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Қазіргі таңда аталған азаматша босанып, кішкентай нәрестесі бәрі, барлығы аман-сау. Ендігі тұрғындарға ескертетініміз: жолға шығарда ауру-сырқат кезінде немесе осы жүкті болған кезде жолға шықпай немесе өз-өздеріне барынша мұқият болуын өтініп сұраймыз.

Ауруханаға жеткізілген әйелге кесарь тілігімен ота жасалды. Кішкентай қызы өмірге келген Нұрбол Жолдасбаев әйелін құтқарып қалған полицейлерге алғысын білдірді.

Нұрбол ЖОЛДАСБАЕВ, ТҰРҒЫН:


Өздері подъехали, машинамен прям келіп перронға кірді. Там нечищенный қар. Повезло что, Ақсайдан шығып бара жатқанда жігіттер келді. Тағы да рақмет айтам жігіттерге. Шаруаларың алға жүре берсін, жұмыстарың алға баса берсін. Осындай жігіттеріміз көп болсын азаматтарымыз! Рақмет сізге! Бәрі жақсы, келіншегім, бәрі жақсы, бәрі-аман сау, бәрі жақсы.

Е. Карин