Елде деструктивті діни ағымдарды реттейтін заң болғанда, "қанды қаңтар" оқиғасының алдын алуға болар еді. Дін саласын зерттеп жүрген мамандардың пайымы осы. Саладағы проблемаларды зерттеу орталығы мамандарының дерегінше мұндай заң көрші Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттерінде бар. Құжат саладағы мәселелерді реттеп отырады,- деді.
Жандәулет СҮЛЕЙМЕНОВ, ДІН ПРОБЛКМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Діни консперация жасау арқылы діни мәтінді қалыптастырып, діни көзқарасты алдыға шығара отырып террорлық акттерді ұйымдастыру адамгершілік құндылықтардытарды құптамайды. Тергеу амалдары жасалып, нақты нәтиженің қорытындысына осындай дінге негізделген феномен шығатын болса, діни қатынастарды реттейтін заңды қарау керек болады деген ойдамын.
Еске салсақ, Бас прокуратура бейбіт митингті түрлі күштердің өз пайдасына қолданғанын мәлімдеген болатын. Әлі күнге дейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, террорлық іс-әрекет жасап, адам өлтірді деп күдікке ілінгендердің ішінен тыйым салынған экстремистік қозғалыстардың мүшелері анықталуда.
Л. Қуанышқызы