Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаппай тәртіпсіздік кезінде өрт сөндірушіге оқ тиген

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2022
  • 1292

Жаппай тәртіпсіздік кезінде өрт сөндірушіге тиген. Тағы 10 қызметкер түрлі ауыр жарақат алған. Бұл туралы сенатор Сергей Ершов айтты.

Қаңтар оқиғасында өрттен құтқару техникаларының 30-ы зақымдалып, оның 21-і қалыпқа келтірілген. Ал қалғаны жарамсыз деп танылған. Сондай-ақ, 340-тан аса құрал ұрланған және 700-ден аса өрт техникалық қару-жарағына нұқсан келгенін айтты. Ол Үкіметке депутаттық сауал жолдап, саладағы кем кетікті жіпке тізді. Өрт сөндіру қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалу деңгейінің төмен екенін жеткізді. Оған қоса, ғимараттарының жағдайы да сын көтермейді, деді.  Сенатордың мәліметінше, мемлекеттік өртке қарсы қызметінің 400-ден аса бөлімшесі бар, оның жүзден астамы күрделі жөндеуді қажет етеді, ал 20-сы аппаттық жағдайда тұр.

Сергей ЕРШОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Қалыптасқан жағдайға талдау жасай келе, өрт деполарының сандық және сапалық көрсеткіштері халыққа тиісті көмек көрсету үшін жеткіліксіз деп айтуға болады. Бірінші кезекте қалалық және ауылдық жерлерде 124 өрт сөндіру депосы кешенін салу уақыт талабы болып отыр.  

Д. Жарқынбек