Хабарымыз әрі қарай әдеттегідей спорт жаңалықтарымен жалғасады. Онымен әріптесім Асылбек Данияр таныстырады. Асылбек, Қытайдағы Олимпиада қалай өтіп жатыр? Бүгін қандай жаңалықтарыңмен бөлісесің?
Кеш жарық, Әділет! Әлем халқы асыға күткен кәсіпқой бокс кеші туралы ақпарат бар. Сондай-ақ олимпиадаға кеткен спортшылардың кейбірі елге орала бастады. Осы және өзгеде жаңалықтар сәлден соң.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің қашан өтетіні белгілі болды.
Vesti.kz. ақпараттық-спорт порталының хабарлауынша, былғары қолғап шеберлері 7 мамырда жұдырықтасуы мүмкін. Ал "Канело" осы кездесу үшін 85 миллион АҚШ долларын талап етті деген ақпарат та бар.
Түнде елорда әуежайына Бейжің Олимпиадасына қатысқан фристайл-могулдан Қазақстан Ұлттық құрмасының мүшелері келді. Спортшыларды министрлік өкілдері мен жанкүйерлер күтіп алды. Еске сала кетейік, бұл спорт түрінен 6 отандасымыз бақ сынаған еді. Олардың тек екеуі финалға қатысуға мүмкіндік алды. Бірақ, жүлде бұйырмады. Соның бірі – Юлия Галышова. Бұл -оның төртінші олимпиадасы. Айтуынша, биыл карьерасын аяқтау немесе аяқтамау туралы нақты шешім қабылдайды.
Юлия ГАЛЫШЕВА, ФРИСТАЙЛ-МОГУЛДАН ҚҰҚ МҮШЕСІ:
Шынын айтқанда, мен Олимпиада Қытайда өтеді дегенде қуана алмадым. Мұнда мен негізгі құрамадан кеш келдім, алғашқы сайысқа да қатысуға мүмкіндік болмады. Тек бір күн ғана жаттықтым. Мен Олимпиадаға қатысқанымды сезбедім. Ауа райы қолайсыз, қарлары да жасанды. Шаңғының қозғалысы нашар болды.
Енді Олимпиада жаңалықтарына тоқталсақ. Қазақстандық спортшылар бүгін тек әйелдер арасындағы 10 шақырымдық классикалық әдістегі шаңғы жарысына қатысты. Нәтижесінде Ангелина Шурыга 52-нші, Ксения Шалыгина 53-нші, Надежда Степашкина 57-нші және Валерия Тюленева 59-ншы орынға жайғасты.
Қытайдағы байрақты бәсекенің бүгінгі қорытындысы мынадай:
Норвегия көш басында. Оларда 5 алтын, 3 күміс, 4 қола бар. Екінші орында -Германия. Үздік үштікті Австрия түйіндейді.
Мендегі бар ақпарат осы. Ақ Олимпиадада сынға түсіп жатқан спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Әділет сөз сенде.
Рақмет, Асылбек! Ал, біз жаңалықтарымызды жалғастырамыз.
А. Данияр