Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Полиция танымал КВН ойыншысына қатысты қылмыстық іс қозғаған. Бірақ оның өзін таба алмай жатыр. Айта кетейік, Әзімжан Саидбаев пирамидалық ұйымды жарнамалады және оны басқарды деп айыпталған. Қасындағы екі блогердің де ісі қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-тармағы бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Күдіктілердің бірі С. азамат 1986 жылы туылған, сотпен бұлтартпау шарасы ретінде қамау тағайындалып отыр. Бірақ бұл азаматтың қазіргі кезде мекен-жайы анықталу үстінде. Ол іздеуге жарияланды.
Ә. Лесбек