Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістан облысының тұрғыны 75 млн теңгені картаға тігіп жіберген

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2022
  • 1453

Түркістан облысының тұрғыны 75 млн теңгені картаға тігіп жіберген. Сосын өзі жоғалып кетті.  Құмар ойынға құмартқан Төлеби ауданының тұрғынын полицейлер бір апта іздеп әрең тапқан.  30 жастағы  ұлын  анасы төрт күн өзі іздеген.  Болмағасын баласының із-түзсіз кеткенін айтып, тәртіп сақшыларынан көмек сұрапты.   Жоғалған жігіт Алматыдан табылды. Ол ақшаны қарызға алған, және оны қайтара алмайтын болғандықтан бас сауғалаған көрінеді.

Сұлтан ӘУЕЛБЕК, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД ТӨЛЕБИ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:

«Адам жоғалу» фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, республика көлемінде іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде Төлеби АПБ қызметкерлерімен жоғалған адамның Алматы қаласында жүргендігі анықталып, Төлеби полиция бөліміне жеткізілді.

А. Төребекқызы