Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты 59 қылмыстық іс қозғалған

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2022
  • 1753

Қызылорда облыстық полиция департаменті қаңтардағы  қақтығыстың қалай өрбігені туралы видео тарады. Кадрларда жиналғандардың облыс әкімдігі, полиция департаменті ғимараттарына қалай шабуыл жасағаны көрсетілген. Бүлікшілер бірнеше мемлекеттік нысанды және полицияның қызметтік көліктерін өртеп, көшедегі жарықшамдарды, бейнебақылау камераларын қиратқан.

Полиция департаментінің мәліметінше, жаппай тәртіпсіздікке қатысты 59 қылмыстық іс қозғалған. 99 адам қамауға алынып, оның 22-сі қайта босатылған. Тәртіпсіздік салдарынан 210 адам ауруханаға түскен. Оның 58-і- полицей.

М. Тоқтасынқызы