Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі № 2 емханада тағы да шу шықты

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2022
  • 2244

Екі түйе сүйкенсе арасында шыбын өледінің кері ме? Шымкентте сенімгерлік басқаруға өткен  № 2 қалалық емханада бүгін жұмыс тоқтады. Олар орналасқан ғимараттың иесі ішке кіруге тыйым салған.   Былтыр қарашада да дәл осындай жағдай болған.  Ол кезде құзырлылар қақпадан әрі аса алмаған медицина қызметкерлеріне  "мәселе шешілді" деген. Бірақ екі айдан кейін   жағдай  тағы қайталанып отыр.  Мәселенің мән-жайын өңірдегі тілшіміз Айзада Төребекқызы  анықтап көрді.

Науқастар үшін емхананың есігі бүгін таңнан тарс жабылған. Сыртқы қақпада күзет күшейтілген. Мұндай жағдай өткен қарашадан бері екінші рет қайталанып тұр. Себебі, емхананың өз ғимараты ескі болғандықтан мекеме әр жерде көшіп-қонумен жүр. Соңғы екі жылдан бері осында болған.  Жаңа орынға ұжым да, халық та енді үйрене бастағанда, тағы да "көшіңдер" деген бұйрық келіпті.  Бұған дәрігерлер түгілі, емделушілер де аң-таң.

Гүлмира ҮСЕНБЕКОВА, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, 2 ТОП МҮГЕДЕГІ:
 
Бізді көшіре-көшіре шаршадық сөздің ашығын айтқанда. Орыстар айтады ғой перекати поле деп, Кремлевский болды, Абая болды...Қашанға дейін бұл бұндай болады? Өткенде де тұрдық дуана сияқты. Бүгінде міне мен УЗИ-ге түсуім керекпін ештеңе істемейді. Сонда біз не істеуіміз керек біз мүгедектер. Қайда баруымыз керек? басшылар неге осы мәселені шешпейді?  


Емхана қызметкерлерінің айтуынша,  ғимарат иесі барлық  жағдайды жасап берген. Алайда өткен қарашада мекемені тендер арқылы  мүлдем басқа, алматылық компания ұтып алған. Сол кезде де ғимаратты босатыңдар деген, енді тағы сол талапты қойып отыр дейді  дәрігерлер.

Нұрбике АДЫМБАЕВА, ШЫМКЕНТ қ. № 2 ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:


Енді бұл кісі әрине ызаланатын шығар бізді ұтып алмағанына. Бәріне осынша  жағдай жасап-жасап, бүгін енді білмеймін ғой неғып екенін, ноябрьде бір жапты. Қазір тағы да жауып отыр, не түрткенін. Енді біз баратұғын жеріміз жоқ. Компания «АУХАЛ» мысалыға бізге даже айтып жатқан жоқ мына жақа сіздерді алып кетеміз, мына жер..деп.


Қаныбек ҚАНАТБЕКҰЛЫ, НЫСАН ҚОЖАЙЫНЫ:


Төрт ай бұрын көшіру керек еді. Әлі көшірмеді. Иелері келді. Сөйлестік. Арендасын келісе алмадық. Біз мұны біреуге арендаға беруге істеген жоқпыз. Өзіміз жүргіземіз деп ойладық.


Ал денсаулық сақтау басқармасының өкілі сенімгерлік басқаруға алған адаммен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жазбаша түрде хабарлады. Оның қанша уақытқа созылатыны белгісіз. Ал 1 жыл 7 айдан бері ғимаратты онсыз да тегін бердім  деген  қожайын оларға дүйсенбіге дейін ғана  мұрсат беріп отыр.

А. Төребекқызы