Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық бау-бақша қоғамдастығының тұрғындары тас жол төсеуді талап етті

  • AstanaTV
  • 11 ақпан 2022
  • 2382

Атырау қаласының іргесіндегі  Қайыршақты ауылының тұрғындары батпақ  жол әбден титықтатты деп шағымданды. Айтуларынша,  кезінде бау-бақша қоғамдастығы боп құрылған 14 елдімекендегі  көшелермен адам жүруі мүмкін емес. Жауын жауса, тізеден балшық кешіп, діттеген жерге әрең жетеміз дейді. Шыдамы шегіне жеткен  жұрт  бүгін шу шығарды. Әкімді ортаға алып, мәселені шешіп беруді талап етті.

Саяжай  тұрғындары осы маңда жер учаскесі арзан болғандықтан несиеге батып, үй сатып алғандарын айтады.  Бірақ, қысы-жазы тізеден батпақ кешіп,  әбден титықтап жүрміз дейді.  Балалар ми батпаққа құлап,  бірнеше күндеп сабаққа бармайтын көрінеді. Жедел жәрдем шақыру тіпті мұң.

Алтынай КӨШЕНБАЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


Міне, мынадай белшесінен балшыққа батамыз.  Баламыз мектепке тіпті бармайды.  Балшық күндері 3 күндеп, 4 күндеп сабаққа бамайды. Машина деген тіпті кірмеді. Жедел- жәрдем, тіпті шақыра алмайсың.

Осы аумақтағы 14 бау-бақша қоғамдастығында 60 шақты көше бар. Олардың бірде біреуіне тас жол төселмеген. Басшылық жол салуға қауқарымыз жоқ,- дейді.

Зайра ЖҰМАБАЕВА, БАУ-БАҚША ҚОҒАМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Суды өзіміз жүргіздік. Газды өзіміз жүргіздік. Енді бізге жол мәселесі керек боп тұр. 10 жыл бойы барып жүрмін. Бәрі отказ. Өйткені біз ИЖС-қа жатпаймыз.

Ауыл әкімі  саяжай тұрғындарына тас төсеуге бюджеттен бір тиын да бөлінбейтінін  бұл жолы да ашып айтты. Алдымен  бау-бақша статусын  өзгерту  үшін әкімдікке арыз жазу қажет дейді.

Шапхат ҚАЛИЕВ, ҚАЙЫРШАҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

ҚР тұтынушылар копперативі» туралы Заңының 8-бабы, 1-тармағына сәйкес бау-бақша қоғамына бюджеттен инфраструктура жұмысын жүру қарастырыламған. Реті болатын болса, демеушілікпен қарастырылады. Бюджеттен мүмкін емес. ИЖСке ауыстыру үшін  өтініштеріңізді беру керек.

Тұрғындар бау-бақша деген атауы болмаса, соңғы рет қашан егін еккенін ұмытқан. Жайық өзені таязданған соң, тіпті насоспен су тарту мүмкін емес,- дейді. Сондықтан әкімдік саяжайдың статусын әлдеқашан ауыстыру керек еді,- деп ашуланады.

Жайболсын МАТАЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

20 жыл көтеріп хат жазғанда біреуі осындай әңгіме айтқан жоқ. Сіздер қол жинап арыз жазыңыздар деп.  Телевидение шақырғасын амал жоқ келіп тұр. Әкімді көп адам бірінші рет көріп тұр мына жерде.  

Әкімдіктің мәліметінше, қала маңында осындай 45 саяжай бар. Оның бірлі-жарымына ғана демеушілердің көмегімен тас жол төселген.  Қайыршақтыға да жол салынады деп уәде берді. Бірақ қашан екенін белгісіз.  

Б. Надірқызы