Русский Сайттың толық нұсқасы

Украиналық олигархтар мен кәсіпкерлер елден кетіп жатыр-БАҚ

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2022
  • 1466

Украинаның ауқатты азаматтары мен белді  кәсіпкерлері  чартерлік рейстермен  елден   кетіп жатыр. Бұл туралы жергілікті басылым «Украинская правда» хабарлады. Тек жексенбінің өзінде  Киевтен 20-ға жуық чартер мен жеке ұшақ ұшып кеткен. БАҚ өкілдерінің  хабарлауынша, соңғы 6 жылда мұндай дүрбелең болмапты. Ал олигархтардың бірі елден кетпегенін мәлімдесе, бірі ұшақты техникалық  жөндеуге алып кеткенін айтқан. Еске салсақ,  АҚШ Президенті Джо Байден Ресей Украинаға 16-ақпан күні "басып кіретіні" туралы айтқан болатын. Сондай-ақ,  соққының зымырандар мен кибершабуыл арқылы жасалатынынан хабардар еткен.

Л. Қуанышқызы