Русский Сайттың толық нұсқасы

Бейберекетсіздік кезінде бүлінген Алматы облысы әкімдігінің ғимараты қалпына келтіріліп жатыр

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2022
  • 1317

Жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген Алматы облысы әкімдігінің ғимаратын жөндеуге 113 миллион теңге жұмсалмақ. Бұл ақпарат әлеуметтік желіді пайда болды. Ал жергілікті әкімдік мұны жоққа шығармады, тіпті растамады да. Шенділер бұған дейін алты қабатты ғимаратты қалпына келтіруге 6 миллионға жуық теңге кететінін хабарлаған еді. Бүлікшілер сау тамтығын қалдырмаған мемлекеттік мекемеде жөндеу жұмыстары басталған. Құрылысына жауапты мекемемен келісім-шарт жасалған. Нысан биылғы жылдың қазан айына дейін толық  қалпына келтірілмек.

Ә. Лесбек