Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда да "бір күндік жігіт" пайда болды

  • AstanaTV
  • 14 ақпан 2022
  • 2729

Кешелі-бері Елорда да ерекше қызмет түрі пайда болды. 25 жастағы қала тұрғыны, қыздарға ақылы қызмет түрлерін ұсынады. 13 мың теңге төлесеңіз кездесуге де келеді. "Жігітке тапсырыс қызметі" нені көздейді? Ақылы джентельменге хабарласып жатқандар бар ма? Оның ұсынған бағасы қанша? Әріптесім телефонмен тілдесіп көрді.

"Жігітке тапсырыс қызметі." Бүгін желіні жарған хабарлама осы болып тұр. Елордалық тұрғын қыздармен кездесуге барып, романтикалық көңіл-күй сыйлап, ұнаған гүл шоқтарын да әкеп береді. Бірақ шығынның барлығын өзіңіз төлеуге міндеттісіз. Қасыңызда ерік жүргені үшін оған да ақы беруге дайын болыңыз. Әлеуметтік желіде қызмет ақысы да жарияланған. Мәселен Сізбен кездескенін қаласаңыз 13 мың теңге төлеу керексіз. Ал, бірге фотоға түсу 5 мың теңге.   

Жұмыстан/оқудан жеке алып кету - 10 000 теңге

Гүл сыйлау- 8000 теңге гүлдің ақшасы

Кездесуге бару -13 000 теңге

Бірлескен фото – 5000 теңге

Әлеуметтік желідегі сурет салу - 5000 теңге

Жарнаманы жаңғыртып жүрген қала тұрғынына бізде  хабарласып көрдік. Телефон тұтқасын құпия жігіт көп күттірмей-ақ көтерді. Жұмыстан алып кетуге келісті, гүлді өзі алатынын айтты, тек ақшасын алдын ала төлеңіз деді.

ҚҰПИЯ ЖІГІТ:

Маған заранее звондап, келісіп, предоплатаны лақтырсаңыз каспиға, предоплатаны лақтырғаннан кейін как положено бронь болады. Нақты келемін.

25 жастағы қала тұрғыны бойдақ екенін айтты. Тұрақты жұмысы да бар. Анау-мынау емес пәтерді жалға берумен айналысады. Ал "Жігітке тапсырыс қызметі" мерекелерде ғана ұсынатын, қосымша табысы көзі көрінеді. Қоғам белсендісі Айша Құрманғали мұндай пысықайларды қолдамайды. Оның пайымынша қазіргі уақытта жігіттер ұсақталған. Ал бұл тәрбиенің осалдығы деп отыр.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Жігіттеріміздің ұсақталып кеткендігінің салдары ғой, оңай жолмен ақша табу, оңай жолмен ақшаны қалтаны қампитуға ұмтылыс, намысының аяққа түскендегі көрініс қой. Маңдай терді терлетпей ақша табу, осылай жарнама беріп ақша табу, тіпті не дерімді білмей тұрмын.


Қоғам белсендісі жастардың осындай намыссыздыққа баруының себебі көп дейді. Бірі жұмыссыздық болса, бірі Батыс елдеріне еліктеп кеткенінде деп болжады. Джентельмен сымақ болса, қызметке дайын екенін айтып хабарлама жіберуін тоқтатар емес.

Ә. Дүкембаева