Қарағанды облысында заңсыз майнингтік ферма анықталды. Фермадағы техникалық жабдықтардың жалпы құны 2,5 миллиард теңгеге бағаланған. Онда 40 тонналық 4 контейнер орналасқан. Мыңнан астам қондырғы қойылған. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті хабарлады. Заңсыз бизнес «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында анықталған. Аймақтың электр желісінен сағатына 6 Мвт энергия алу жөніндегі заңсыз техникалық рұқсат берілгені әшкереленді. Арнайы экономикалық аймақтың басқарма төрағасы Әлнұр Баймолдиновқа қатысты «қызметтік лауазымын асыра пайдаланды» деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.
А. Қуаш