Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында заңсыз майнингтік ферма анықталды

  • AstanaTV
  • 15 ақпан 2022
  • 1579

Қарағанды облысында  заңсыз майнингтік ферма анықталды. Фермадағы техникалық жабдықтардың жалпы құны  2,5 миллиард теңгеге бағаланған. Онда 40 тонналық 4 контейнер орналасқан.  Мыңнан астам  қондырғы қойылған. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлік департаменті хабарлады.  Заңсыз бизнес «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында анықталған.  Аймақтың электр желісінен сағатына 6 Мвт энергия алу жөніндегі заңсыз техникалық рұқсат берілгені   әшкереленді.  Арнайы экономикалық аймақтың басқарма төрағасы Әлнұр Баймолдиновқа қатысты «қызметтік лауазымын асыра пайдаланды» деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

А. Қуаш